Стр. 373 - 05,12,2012 Тюркол иссл

Упрощенная HTML-версия

373
ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
саудагер болып келгендердің арасында тыңшылар бар деген хабар бе-
реді. Саудагерлерге бұрынннан күдікпен қарайтын Хорезмшах та олардың
өлтірілуін және заттарының Бұхарада сатылуын бұйырған болуы керек [3,
C. I. 136]. Keруендегі біреу қашып құтылып, Шыңғыс ханға бар болғанды
баяндайды [7, 174; 3, C. I. 137]. Ұлы хан қанды қырғынға Отырар әміршісі
мен Хорезмшах мемлекеті жауапты деп біледі.
Шыңғыс хан әр маңызды шешімін қабылдар кездегідей, қасиетті біл­ген
Бурхан Халдун тауына шығып, үш күн, үш түн Көк тәңірімен тілдескен­
дей болады. Жүрегіндегі мұңын бөлісіп, Хорезмшахпен жүргізетін соғыс­
қа өзінің жауапты емес екенін, жазықсыз өлтірілген адамдардың кегі мен
мүліктің есесін қайтаратынын айтады. Шыңғыс хан мұндай кезде басын­
дағы бөркін шешіп, белдігін мойнына асып, жерге тізерлеп, қолын жоғары
көте­ріп, алдымен Көк Тәңірге тоғыз рет жалбарынатын.
Хорезмшах Мұхаммедпен көршілік, сауда-саттық қарым-қатынасты
жол­ға қою, сондай-ақ саудагерлердің қауіпсіз түрде мемлекеттер арасын-
да барып келуін қамтамасыз ету үшін жасаған Шыңғыс хан талабы осы
оқи­ғадан кейін аяусыз өш алуға айналады. Қатты ашуланғанымен, «бәлкім
бұл қателік қала әміршісі тарапынан кеткен болар» деп салқынқандылық
та­нытады. Әрі уақыт ұту, әрі алдағы жойқын жорықтың жауапкершілігін
сұлтанға артып қою мақсатымен кезінде сұлтанның әкесі Текиштің қызме­
тінде болған мұсылман Ибн Кефреч Буграға екі моңғолды қосып, 3 адамды
ХорезмшахМұхаммедке елшілікке аттандырады.Шыңғыс елшілері арқылы
Отырарда өзінің керуенін атқылаған, адамдарын өлтірген Қайырханды оған
ұстап беруін және керуендегі дүние мүліктің қайтарылуын сұрайды. Жауап
ретінде Хорезмшахтар сұлтаны Шыңғыс елшілерінің ішіндегі мұсылман
Ибн Кефеч Буграны өлтіріп, екі моңғолдың шашы мен сақалдарын кескізіп
Шыңғыс ханға жолдайды [8, C. XII. 322; 7, 174; 9, C. II, 482]. Шыңғыс
екінші жолы елшілерінің өлтірілуі мен өзін қорлауын соғысудың себебі
деп қабылдап, қырылатын адамдар мен қиратылатын қаланың обалы Хо-
резмшах Мұхаммедтің мойнында деп біледі. Осылайша Шыңғыс ханның
Батыс бағытталған жорығын бастауына себеп те табылған еді.
Сол кездегі Хорезмшахтар елі Қытай империясы сияқты алдыңғы қа­
тарлы әскери күш орталықтарының бірі еді. Әскерінің саны жағынан да
моңғолдардан басым түсетін. Сондықтан Шыңғыс хан әскери ішкі дайын­
дығын күшейте түседі және Моңғол империясының вассалдары ұйғырлар,